Бейсенбі, 25 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 65 0 пікір 25 Қыркүйек, 2025 сағат 14:26

Джеки Чан Алматыға келді...

Сурет: Azaztyq.ruqy.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады.

71 жастағы актердің келгені ресми расталған жоқ. Алайда жарияланған бейнежазбалар оның Қазақстанда екенін меңзейді. Алдын ала деректерге сәйкес, ол бір фильмнің түсіріліміне қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл туралы Үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай айтты.

– Биыл Джеки Чан, америкалық «Оскар» иегері продюсерлермен бірлескен продюсерлік жоба іске қосылды, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясына негізделген контент жасау бойынша Тимур Бекмамбетовпен бірегей жоба қолға алынды, – деді ол.

Abai.kz

0 пікір