Назарбаев Франциядан вилла сатып алмақ болған ба?

Назарбаев 500 миллион долларға Франциядан вилла сатып алмақ болған. Бұл туралы qaz365.kz сайты жазды.
Бұл туралы Ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринский айтты. Ол Францияның Лазур жағалауындағы әйгілі вилланы африкалық диктатордан 7 миллиард 858 миллион теңгеге сатып алған.
«Назарбаевтың адамдары үйді алу үшін маған әлдеқайда қымбат баға ұсынды. Тіпті жарты миллиардқа дейін бермек болды. Олар бұл қаржыға Францияның оңтүстігінен жазғы резиденция сатып алғысы келді. Оларға тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, көп жатын бөлме қажет болды»,- дейді кәсіпкер.
Вилланың жер аумағы 3,2 гектар. Мұнда 15 жатын бөлме, 2 бассейн, тікұшақ қонатын алаң, втотұрақта 8 көлікке орын қарастырылған. Қазір жылжымайтын мүлік жалға беріліп жатыр.
Abai.kz