Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1593 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 16:24

Қазақстанның батысында АЭС салынуы мүмкін

Сурет: qagro.kz сайтынан алынды.

Еліміздің батысында тағы бір АЭС пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. 

Осы орайда Каспий теңізінің жағалауы қарастырылуы ықтимал.

— Орын әлі нақтыланбаған. Бұл өңір шағын және орта қуатты реакторлары бар атом электр станциясының әлеуетті орны ретінде қарастырылып отыр. Осы орайда МАГАТЭ-нің барлық негізгі нұсқауына сүйене отырып, жақын арада атом электр станциясын салу мүмкіндігіне қатысты тиісті зерттеу жүргізіледі.

Бұл бағытта сейсмикалық қауіпсіздікті, су қоймасының болуы және суды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, агенттікте атом электр станциясын салу үшін батыс өңірді зерттеу жоспары бар және біз бұл учаскенің болашағы зор екенін түсініп отырмыз, — деді деді Алмасадам Сәтқалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысында екі атом электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676