Сәрсенбі, 12 Қараша 2025
Жаңалықтар 645 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 17:10

Қазақстанға 11 миллионға жуық шетелдік келген

Сурет: sn.kz сайтынан алынды.

Жыл басынан бері елге 10,8 млн шетел азаматы келген, 10,6 млн адам елден кеткен.

Бұл жөнінде бейсенбі күні сенат отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Оның сөзінен “Власть” үзінді келтіреді.

“Келгендердің 90%-ы – ТМД азаматтары. Өзбекстан – 10,6%, Ресей – 10,8%, Қырғызстан – 8%, Беларусь – 12%”, - деді ол.

Оның сөзінше, 10,1 мың адам елден шығарылған. Шілде айында ІІМ жыл басынан бері 200 мың шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылғанын, 46 мыңы “елде тұру ережесін” бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір