Сенбі, 4 Қазан 2025
Жаңалықтар 218 0 пікір 4 Қазан, 2025 сағат 10:49

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект саласындағы жаңа бастамалары туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 форумында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер көрмесімен танысты. Қатысушылар арасында Sәlem Entertainment компаниясы да өзінің жасанды интеллект саласындағы жобаларын көрсетті.

Сурет:Ұйымдастырушылардан алдынды

Бас директор және продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті таныстырып, Sәlem AI бағытының дамуы туралы баяндап берді.

«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз, біріншіден, промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлауға, екіншіден — вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға баса назар аударып отырмыз», — деп атап өтті Цай.

Іс-шара еліміздегі цифрлық технологиялардың даму қарқынын, сондай-ақ отандық бизнес пен институттардың жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесін құруға қосқан үлесін көрсетті. Бұл процесте Sәlem Entertainment медиа, технология және білімді біріктіре отырып, өз үлесін қосуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 567
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8885
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 588