Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Жаңалықтар 536 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 20:43

BE WOMAN ASIA форумының ұйымдастырушылары ресми мәлімдеме жасады

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

BE WOMAN ASIA форумының ұйымдастырушылар комитеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Форум ұйымдастырушылары спикердің регламенттен тыс айтылған сөзі туралы пікір білдірді.

«BE WOMAN ASIA — саясаттан тыс алаң. Достар, әлеуметтік желіде форум барысында айтылған жекелеген пікірлер қызу талқыланып жатыр.

Соған байланысты нақты бір спикердің пікірі форумның, ұйымдастырушылардың һәм қатысушылардың ұстанымын білдірмейтінін атап өткіміз келіп отыр. BE WOMAN ASIA форумы саясатқа араласпайды.

Біздің міндетіміз — Орталық Азия әйелдеріне дамитын, өзара ынтымақтасатын орта құру.

Биыл форумда 100 спикер, 50 ментор және 30 серіктес болды, 2700 адам қатысты.

Іс-шараға қатысқан әр әйел бизнесте, мансап жолында, жалпы өмірде пайдалы болатындай білім мен тәжірибе жинаса деген ниетпен ауқымды бағдарлама дайындағанбыз.

Біз әр спикермен алдын-ала брифинг өткізіп, міндеттемелері жазылған ресми келісімшарт жасасамыз. Ол жерде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын немесе форум мен оның қатысушыларының абыройына нұқсан келтіретін саяси және өзге де мәлімдеме жасамау керек деген бөлім бар.

Ел алдына шығып сөз сөйлеудің аса үлкен жауапкершілік екенін ескере отырып, сахнаға шықпас бұрын спикерге ережелерді егжей-тегжейіне дейін айтып түсіндіреміз. Дегенмен форум тікелей эфирде өтетіндіктен, өкінішке қарай, спикердің бір сөзі регламенттен тыс айтылды.

Алаңымызға саяси тақырыптың кірістірілгеніне қапаландық. Бұл BE WOMAN ASIA құндылығына әрі жобаның миссиясына сай келмейді. Біз қарапайым әрі нақты ережені ұстанамыз: форумды саясиландыруға қарсымыз. Біз бір-біріне құрметпен қарауды, өзара ынтымақтастықты және диалогты қолдаймыз.

Ұйымдастыру комитеті тиісті шараларды жасайды: модерацияны күшейтеміз, регламенттің сақталуын қатаң қадағалаймыз және спикерлерге түсіндіру жұмыстарын арттырамыз. Жеке адамның айтқан пікірін бүкіл қатысушыға, командаға және форумды аймақтың дамуына үлес қоссақ деген шын ниетпен ұйымдастырған серіктестерге телімеулеріңізді сұраймыз. Диалогқа ашықпыз. Бөлінбей, біріксек деген талпынысымызды қолдап жатқан әрқайсыңызға алғыс айтамыз.

Құрметпен, BE WOMAN ASIA ұйымдастыру комитетінің командасы», — делінген жазбада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 677
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9386
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 761