Сейсенбі, 7 Қазан 2025
Жаңалықтар 50 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 13:34

«Мансап жолы» атты келелі кездесу ұйымдастырылды

Сурет: Ұйымдастырушылардан алынды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «WORKSHOP: Еңбек пен шеберлік» жобасы шеңберінде «Мансап жолы» атты келелі кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды еңбекке баулу, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, өндіріс, құрылыс, сәндік-қолданбалы өнер сынды түрлі бағыттардағы сұранысқа ие мамандықтармен тереңірек таныстыру. Сонымен қатар, табысты кәсіпкерлердің өмірлік жолын мысал ете отырып, жас буынға мотивация беру, шабыттандыру және еңбек нарығындағы өз орнын табуға бағыт-бағдар көрсету.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – түрлі салаларда табысқа жетіп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған отандық компания басшылары:

«SHERTER» компаниясының жетекшісі – Дильманов Бахыт Әлиевич,

«Орынбасарұлы» компаниясының басшысы – Орынбасарұлы Елжас,

«Zamanauy» компаниясының негізін қалаушы – Сәрсебек Заманбек Сәбитұлы.

Олар өз кәсіби жолдарындағы алғашқы қадамдар, кездескен қиындықтар мен жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен ашық бөлісті. Қонақтар еңбек сүйгіштік, табандылық, үнемі іздену және жаңашыл болу секілді қасиеттердің мансап жолында шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Кездесу форматында қатысушылармен еркін пікір алмасу, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, жастар кәсіпкерлік, мамандық таңдауы, кәсіп ашудың алғашқы сатылары жөнінде нақты әрі пайдалы ақпарат алды.

Шара соңында оқушылар мен студенттер жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы мен артықшылықтары жайлы тың мәліметтермен танысып, өмірде нақты жетістікке жеткен кәсіпкерлердің тәжірибесінен мол әсер алды. Мұндай кездесулер – жастарды кәсіби дамуға ынталандырып қана қоймай, еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Келешекте осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, жас ұрпақтың саналы әрі мақсатты кәсіби жол таңдауына ықпал ететін маңызды алаңға айналарына сенім мол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 700
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9488