Педофилдер түрмеде піштіріледі!

Педофилдер бостандыққа шығардан алты ай бұрын кастрацияланады. Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді.
17 қазаннан бастап кастрация сот шешімімен белгіленіп, рәсім тікелей түрмелерде жүзеге асырылады.
«Мәжбүрлеу шарасы сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады. Бұл балаларға қатысты сексуалдық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған 18 жастан асқан тұлғаларға ғана қатысты», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.
Abai.kz