Пашинян Қазақстан туралы не айтты?

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы көлік жолдарын қайта ашуға бағытталған келісімдерге Қазақстанның елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Ол бұл туралы Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында мәлімдеді.
Тбилисиде өткен V "Жібек жолы" форумында сөйлеген сөзінде Пашинян Әзербайжанның өз аумағы арқылы Армения бағытындағы жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастау шешімін түсіндірді.
«Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан Армения бағытындағы жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл аса маңызды мәлімдеме және мен Әзербайжан президентіне бұл қадам үшін ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ осы келісімге қол жеткізуде атқарған рөлі үшін Қазақстан президентіне және Грузия премьер-министріне алғыс айтқым келед»і, - деді Армения үкіметінің басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения бағытындағы транзитке қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Бұл шешім Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы көлік дәліздерін ашу және өзара сенімді нығайту жөніндегі өңірлік күш-жігердің маңызды қадамы ретінде бағаланып отыр.
Abai.kz