«Бөлшекте де, билей бер»: Қоғам да дәл сондай!
Бір шаруа өлген шошқаны құдықтың түбіне лақтырып жібереді. Көп ұзамай құдыққа 70–80 егеуқұйрық секіріп түсіп, өлексені жей бастайды. Азық мол, бәсеке жоқ сияқты көрінгендіктен, олар қуана-қуана жеп жатты.
Бірақ азық таусылған соң, олар құдықтың қабырғасы өте биік әрі тік екенін, енді сыртқа шыға алмайтындарын түсінді. Тамақ бітіп, аштық қысқан сайын ол жер аман қалу үшін жүретін сұрапыл шайқас майданына айналды. Егеуқұйрықтар бір-бірімен соғысып, бір-бірін өлтіріп, жей бастады.
Ақырында құдықтың түбінде көзі қанға толған жалғыз егеуқұйрық қана аман қалды. Сол кезде шаруа төменге арқан түсіріп, сол егеуқұйрықты сыртқа алып шығып, егістікке жібере салды.
Шаруа оны аяды дейсің бе?
Әрине, ЖОҚ. Тірі қалған соңғы егеуқұйрықтың енді өз тұқымын аңлап, жеуге үйренгенін шаруа өте жақсы білді, сондықтан оны босатты. Содан бері ол егеуқұйрық астық жеуді қойып, басқа егеуқұйрықтарды аулауға көшті.
Міне, осыны «бөлшекте де, билей бер» (divide and rule), яғни адамдарды бір-біріне айдап салып басқару әдісі дейді.
Биліктегі адамдардың өз арасында тартысуы сирек. Керісінше, төмендегі адамдарды өзара бөліп, керістіріп, жауластыратын орта қалыптастыруы жиі кездеседі. Екі тарап бір-бірімен арпалысып жатқанда, ең үлкен пайданы үшінші тарап немесе бүкіл ойынды артында тұрып басқарып отырған адам көреді.
Осы ойынды түсін. Болмаса, сен де құдықтың түбіндегі егеуқұйрықтардың біріне айналасың.
Адам не нәрсеге ұзақ бой үйретсе, соны ақырында қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды. Тірі қалған жалғыз егеуқұйрықтың өз тұқымын жеуі туа біткен мінезі емес еді. Ұзақ уақыт бойы болған ортасы оны осылай өзгертті.
Қоғам да дәл сондай. Әтүйіс-ұрыс, жікке бөліну, өсек-аяң мен жеккөрініштің ортасында ұзақ өмір сүрсең, оны норма деп ойлай бастайсың...
Мұның бәрі болуы тиіс нәрсе емес, бірақ біз де ақырын-ақырын бой үйретіп келеміз.
Амантай Тойшыбайұлы
Abai.kz