Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
Аласапыран 294 0 пікір 27 Қазан, 2025 сағат 14:05

Ядролық ерегес: Путин мықты ма, Трамп күшті ме?

Сурет: tsn.ua сайтынан алынды.

Әлгінде Ресейбасы Путин ядролық оқтұмсығы бар «Буревестник» зымыранын сынақтан өткізіп былай деді:

«Ядролық оқтұмсығы бар «Буревестник» зымыраны – әлемде теңі жоқ бірегей өнім. Бұл зымырандар сынақтан сәтті өтті. Бұл сынақтар еліміздің ядролық қалқанының сенімділігін және оның заманауилығын, басқа ядролық мемлекеттермен салыстырғанда жоғары деңгейде екенін растап берді. Бұл зымыран 14 мың шақырым қашықтықтағы нысанаға дөп тиеді және бұл шегі емес», - деді.

АҚШ президенті Трамп бүгін Путиннің ядролық «бопсасына» жауап беріп:

«Ол біздің атомды сүңгуір кемелеріміздің қаншалықты мықты екенін және әлемдегі ең мықтысы екенін жақсы біледі. Біздің атомдык кемелеріміз олардың жағалауларына тұмсығын тіреп тұрғанын да біледі. Біз олар секілді 8 мың шақырымнан атып жатпаймыз. Біз де олармен ойын ойнап отырған жоқпыз. Бізде де сан түрлі ядролық зымырандар бар және оларды сынақтан сәтті өткізіп жатырмыз. Бірақ, ең бастысы – біздің ядролық қаруы бар кемелеріміз бар. Соның өзі жеткілікті», - деді.

Трамп Путинге де шүйлігіп:

«Путиннің ядролық қару туралы мәлімдемелері орынсыз. Мен оны соғысты дереу тоқтатуға шақырамын. Ол бір апталық соғысты жеңе алмай, 4 жылға созыл әлі жүр. Тоқтататын уақыт жетті», - деді Трамп.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1154
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10594