Қазақстан Орталық Азиядағы "ең бақытты" ел болды
БҰҰ жариялаған World Happiness Report-2025 рейтингінде Қазақстан 43-орын алған – 6,38 ұпай (он ұпайлық шкала). Қазақстан қарыз, ақша қайтару жағынан сенім мен шыншылдық бойынша жақсы нәтиже көрсеткен.
Өзбекстан 6,2 ұпаймен 53-орында. Бұл ел қайырымдылық пен полицияға сенім бойынша жоғары көрсеткішке ие болған. Ал танымайтын адамға көмек бойынша аймақта лидер атанған Қырғызстан жалпы рейтингіде 75-орында тұр – 5,9 ұпай. Тәжікстан 5,4 ұпаймен 90-орын алды, бірақ бұл ел ерікті түрде көмектесу бойынша әлемде төрттікке енді.
Түркіменстан деректің аздығынан рейтингіге енбеген.
Жалпы рейтингіде Орталық Азия елдері жомарттық пен қайырымдылық деңгейі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен. Авторлардың есебінше, бұл аймақта әлеуметтік байланыс пен ұжымдасу мәдениетінің жоғары екенін көрсетеді. Яғни, Орталық Азияда көмек қолын созу, күш біріктіру негізгі құндылық ретінде сақталған.
Сарапшылар бақыт ұғымы табыс деңгейімен ғана емес қоғамға сенім, тұрақтылық және еркіндік сезімімен де анықталады дейді. Есепте Орталық Азияда қайырымдылық пен көмек қолын созу экономикалық қиындықтар мен мемлекеттік институттардың олқылықтардың орнын толтырып тұрғаны айтылады. "Аймақтағы әлеуметтік климаты жақсы" деп бағалайды есеп авторлары.
Ал тізімде ең бақытты ел - Финляндия. Бестікке Дания, Исландия, Швеция, Нидерланды енген. Соңғы орында - Сьера-Леоне (146), Ауғанстан (147) тұр.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
Abai.kz