Қазақ футболының жаңа белесі
 
                                Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) алғаш құрылған 1992 жылдан бастап ФИФА мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Сонымен бірге 1992 жылы федерация футболдан ұлттық лига чемпионаты мен Қазақстан кубогы сияқты кәсіби деңгейдегі түрлі жарыстарды өткізді. 1994 жылдың сәуірінде ортаазиялық Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерімен бірге өңірлік жарыстарға қатысты.2000 жылы ҚФФ УЕФА-ның кандидаты болды және 2002 жылғы 25 сәуірде Швецияның Стокгольм қаласында өткен УЕФА конгресінде оның толық мүшелігіне ие болды.
Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Қазақ футболы ақырындап дамып келеді. Мемлекеттік көманданың айтарлықтай нәтижесі болмағанымен жеке командалар біртіндеп әлемдік аренада ойын көрсету деңгейіне дейін жетті. Оның нақты көрінісі ретінде Қайраттың Еуропа чкмпиондар лиғасында өнер көрсету дәрежесіне жеткенін ерекше атап өтуге болады.
Айтса айтқандай Қайраттың жаңа белесі Қазақ футболына жаңа серпін әкелді. Кәсіптік басқару жағынанда басқа командаларға үлгі болды. Жоғары мінберлерден Қайраттың басқару тәжірибесін өзге командаларға қолдану әөп сөз болды.
2022 жылдан бастап ұйым мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардан қаржылай қолдаудан бас тартатынын хабарлағаны белгілі. Содан бастап федерацияның жұмысы УЕФА ұйымының қаражаты және демеушілік қаржы есебінен қаржыландырылатын болды.
Осының бәрі Қазақ футболының дамуына серпін бергені анық. Бұдан кейінде Қайрат сияқты өзге командаларды да оллигархтарға басқаруға беру талқыланып жатқаны қуантады. Бизнес пен Спорт біріккенде ғана жаңа табыстарға, жаңа нәтижелерге жол ашатыны анық.
Abai.kz
 
                                                                                                 