АҚШ Нигерияға соғыс аша ма? Трамп не дейді?
АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияға соғыс ашатынын айтып, ескерту жасады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Нигериядағы христиандарға қарсы зорлық-зомбылыққа байланысты: "Егер Нигерия үкіметі христиандардың қырғынға ұшырауына жол беруді жалғастыра берсе, АҚШ Нигерияға көмектің кез келген түрін дереу тоқтатады және елді масқара жасаған исламшыл террористерді толық жою үшін қарумен енуі мүмкін", – деп жазды өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон болуы мүмкін әскери іс-қимылдарға дайындықты бастады деп мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президентінің әкімшілігі Нигерияны "ерекше алаңдаушылық тудырған елдер" тізіміне қайта қосқан. АҚШ үкіметі ол тізімге әлемде дін еркіндігін бұзып отыр деп санайтын мемлекеттерді енгізген.
1 қараша күні Нигерия президенті Бола Тинубу бұл айыптауларды жоққа шығарды. Нигерияның сыртқы істер министрлігі жеке мәлімдемесінде экстремизммен күресті жалғастыруға уәде берген және АҚШ осы елдің жақын одақтасы болып қала береді деп үміттенетінін айтқан.
Abai.kz