Бейсенбі, 6 Қараша 2025
46 - сөз 181 0 пікір 6 Қараша, 2025 сағат 14:01

АҚШ пен Ресейдің ядролық бәсекесінде кім мықты?

Сурет: interaffairs.ru сайтынан алынды.

Трамп ядролық сынақ өткізетіні жайлы айтқан еді. Бүгін АҚШ әскері Трамптың тапсырмасы бойынша Minuteman III құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.

Minuteman III зымыраны Калифорниядағы Ванденберг базасынан ұшырылды. Зымыран 4,2 мың миль (6700 шақырым) ұшып өтіп, Маршалл аралында орналасқан Рейган полигонындағы нысанаға тиген.

Артынша Путин Қауіпсіздік Кеңесін жинап, жиын жасады. Ол СІМ, Қорғаныс министрлігі мен арнайы қызметке ядролық сынақтарды өткізу туралы ұсыныс енгізуді тапсырды. Путин «АҚШ ядролық сынақ жасаса, бізде жасаймыз» дегендей болды.

Ядролық сынақ өткізу, ядролық күштерді модернизациялау деген өте көп қаржыны қажет етеді. АҚШ 2026 жылғы әскери бюджеттің 62 млрд долларын ядролық триаданы модернизациялауға бөліп отыр. Оның ішінде зымырандар жасау, ұшақтарды және сүңгуір кемелерді модернизациялау және басқа бар. Бұл қаржыға ядролық сынақ өткізу кірмейді.

Ядролық сынақ өткізу де «қымбат». Сенатор Мейзи Хирононың сөзінше бір сынақтың құны 120-150 млн долларды құрайды.

Жалпы Трамп «Алтын күмбез», «Алтын флот», ядролық күштерді модернизациялау және басқа идеяны көтеру арқылы, әлемде кезекті жаппай қарулану кезеңін бастауда. Бұл бәсекелестік кей елдерді экономикалық тұрғыдан құлдыратуы мүмкін. КСРО жаппай қарулану кезеңінде (гонка вооружений) қаржының көп бөлігін әскери салаға салды. ЖІӨ-нің біраз бөлігін қару-жарақ саласына құйды. Мықты мамандар сол салаға тартылды. Бұл өз кезегінде азаматтық секторға бөлінетін қаржы үлесін азайтты. КСРО-ның құлдырау себебінің бірі осы жаппай қарулану жарысы деуге болады. Басты себебі емес шығар, бірақ бір себебі.

Abai.kz

0 пікір