Солтүстік Корей Ресейге тағы да сарбаз жіберді
Оңтүстік Корейдің «Ренхап» агенттігінің жазуынша, Солтүстік Корей Ресейге 5 мың әскери құрылысшы мен 1 мың сапер жіберген.
Олар соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіреді және былтыр тамыздан бастап, биылғы көктемге дейін соғыс болған Ресейдің Курск облысын минадан тазартады.
Агенттік бұл деректерді парламент депутаттарына сілтеме жасап жазды. Оңтүстік Корей барлау қызметі депутаттарға жабық брифинг өткізген. Сонда осы деректермен бөліскен.
Abai.kz