Дүйсенбі, 10 Қараша 2025
Жаңалықтар 124 0 пікір 10 Қараша, 2025 сағат 14:25

Шетелдік студенттер елімізге 30 млрд пайда әкелді

Сурет: Видео скрині.

Қазақстан университеттерінде 30 мыңнан аса шетелдік студент білім алса, осы студенттер есебінен ел экономикасы 30 млрд теңгеге толықты. Бұл -  тарихи рекорд.

Бұл жайында «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жоғары білімдегі реформалар тақырыбына арналған шығарылымында айтылды. Сондай-ақ, отандық 5 ЖОО Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің үздік оқу орындарының тізіміне енген. Екі жылда Қазақстан әлемнің 40-қа жуық ЖОО-мен келісімшарт орнатып, елімізде 33-інің филиалы ашылды.

Бағдарлама қонағы, ҚР БЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова реформа білім мазмұнын, университеттерді басқару жүйесін өзгертуді көздейтінін айтты.

- Білім мазмұнына қатысты айтатын болсақ, қазір ядролық технология, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және көптеген басқа да жаһандық өзгерістер жаңа мазмұнды қажет етеді. Бұның барлығын өзіміздің жоғары оқу орындарымыз шетелдік серіктестермен бірге енгізіп жатыр. Сонымен қатар, қазір университеттер өздерінің басқару құрылымын да жаңғыртуда. Директорлар кеңесі, байқау кеңестері бар. Бұл салаға да отандық және шетелдік сарапшылар тартылып жатыр. Эндаумент қорлар туралы жаңа заң бизнестің жоғары білімді басқаруға келуіне оң ықпал етіп жатыр, - деді ол.

Яғни, бүгінде бизнес қауымдастық өкілдері жоғары оқу орындарына қаражат құю арқылы өзіне қажетті салаларда сапалы кадр даярлауға үлес қоса алады.

Толық:

Abai.kz

0 пікір