Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2833 0 пікір 13 Қазан, 2009 сағат 07:03

Дина Қанай. Қазақтілді басылымдар тағы да қаға берісте қалды

Бүгінде ақпараттық кеңістігімізді ресейлік басылымдардың жаулап алғаны белгілі. Содан болар, отандық БАҚ-тың үні құмығып, таралымы тарылып барады. Әсіресе, қазақтілді баспасөздің жағдайы қыл үстінде. Бірақ біздің билікті қазақтілді БАҚ-тың хал-ахуалынан гөрі орыстілді БАҚ алаңдататын сияқты ма, қалай?!

«Нұр-медиа» холдингінің бас директоры Арманжан Байтасов (суретте) елімізде жарық көріп жатқан біршама БАҚ-тың басшыларын жинап, «Дағдарысқа қарсы кеңестің» бірінші отырысын өткізді. «Соңғы төрт жылда үзіліп қалған мұндай кеңестің БАҚ-қа берер пайдасы зор» деп шуласқан медиа басшылар бүгінде тап болып отырған мәселені ортаға салды. Әуелгі сөзді «жұлып алған» «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин қазіргі кезде телеарналарда сұхбаттық форматтағы бағдарламаның жоқтығын баса айтты.

«Кез келген телеарна белгілі бір тақырыпқа пікір білдіру үшін айналдырып кеп сарапшылардың белгілі бір тобын шығара береді» деп телеарналардың бүгінгі «бас ауруын» аша түскен  Бигелді мырза бұдан әрі қарай бірнеше мәселені қарауды ұсынды. Бигелді Ғабдуллиннің айтқан ұсыныстарына сүйенер болсақ:

Біріншіден, БАҚ-ты қосымша құн салығынан босату керек;

Екіншіден, газет-журналдың қағазы қымбат, яғни, 10-15 жыл ішінде қағаз фабрикасын салатын уақыт жетті. Ендеше қағаз шығаратын фабрика салу керек;

Үшіншіден, газет-журналды жеткізу ақысы қымбат. Оның жолын табу қажет;

Төртіншіден, интернет-басылымдар қорғансыз. Жағдайды бұлай күрделендірудің керегі жоқ;

Бесінші - мемлекеттік тапсырысты газет бетіне тықпалай беруді азайту керек.

Шынында да, осы айтылған мәселенің қай-қайсысы да өзекті. Мұны «Новая газетаның» бас редакторы Александр Краснер де, «Мегополис» газетінің бас редакторы Игорь Шахнович те қолдап әкетті. ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев болса: «БАҚ-тың 70 пайызы рыноктық жағдайда өмір сүреді. Оларды да түсініп, таралым қызметіне жағдай жасау керек. Осыны билікке жеткізу қажет» деді.

Жиналғандар өздері арнайы жұмыс тобын құрып, оған белді деген 7 басшыны сайлады. Бір өкініштісі, оның ішінде бірде-бір қазақтілді БАҚ-тың өкілі болған жоқ. Олар Премьер-министр мен Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовке хат жазып, БАҚ-тың мәселесін шешуді  біртіндеп болса да қолға аламыз деп білек сыбанды. Яғни, Премьерге қосымша құн салығынан босату жайын, ал Есімовке Алматы қаласындағы газет тарату қызметін оңтайландыру мәселесін жеткізбекші. Алайда, тек ресми тілде өткізілген  «Дағдарысқа қарсы кеңес» тек қана орыстілді БАҚ-тың күйін күйттеп кеткен сияқты.

Қоғамда орыстілділердің әсіре белсенділігінен орыстілді  басылымның өтімді болып тұрғаны рас.  Олар «орыстілді басылымдардың таралымы нашар» деп қанша жерден даурығып жатса да, жағдайлары қазақтілді баспасөзге қарағанда тәп-тәуір. Газет тарататын екі мемлекеттік мекеме «Қазпресс» пен «Дауыс» та  солардың мүддесі үшін жұмыс істейді. Кез келген газет киоскісіне бас сұқсаңыз, қазақтілді баспасөз орыстілдінің тасасында жасырынып тұрады. Газет таратушылардың қазақтілді баспасөзді сатуға, таратуға келгенде тартыншақтайтыны шындық. Аталған «келелі кеңесте» бұл жайттардың біріде назарға ілінбеді. Оны жеткізуі тиіс «Айқын», «Түркістан», «Дала мен қала», «Егемен Қазақстан» газетінің басшылары бүгінгі қазақтілді баспасөздің жоғы мен барын ашып айта алмады.

Айтпақшы, «Дағдарысқа қарсы кеңес» уақытша жасалып отырған шаруа шығар деген медиа басшылары да болды. Бірақ олар үнемі бас қосып, өз жыртығымызды өзіміз жамамасақ, ешкім де қол ұшын бермейді, сондықтан ауызбірлікте жұмыс істейік деп тарқасты. Бірақ бұл мәселелер күні бүгін емес, тәуелсіздік алғалы бері айтылып келеді. Айтылған сөз айтылған жерде қалып жататыны қанға сіңіп кетсе де, Арманжан Байтасов бастаған жұмыс тобы жаңа жылда біраз түйткілді жәйтті шешуге құлшына кірісеміз деп уәде етті.

Бұл кеңес Қазақстанда емес, құдды анау Ресейде өтіп жатқандай әсер қалдырды маған. Қазақ тілі тағы да жетім баланың күйін кешіп, шетке ысырылып қалды. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген Міржақып Дулатовтың айтқан өнегелі сөзі осындайда еріксіз еске түседі екен. Біздің жағдайымызда қазақтілді һәм орыстілді болып бөлінген баспасөздің қайсысына көп көңіл бөлінсе, сол баспасөздің ақпарын тұтынатын жұрттың болашағы да, бүгіне де керемет болып  тұрғыны көңілге кірбің салады...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592