Бейсенбі, 20 Қараша 2025
Жаңалықтар 183 0 пікір 20 Қараша, 2025 сағат 13:46

Астанада бұқаралық іс-шараларға шектеу қойылды

Сурет: uralskweek.kz сайтынан алынды.

Астанада жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың өршуіне байланысты бұқаралық іс-шараларға шектеу қойылды.

Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар туралы қаулыға қол қойды. Құжат 19 қарашада жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Астанада осы аптада 23 002 жедел респираторлық вирустық инфекция тіркелді, бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Ауру жұқтырғандардың 60 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. 5 752 жағдай мектеп оқушылары арасында анықталды. Зертханалық мониторинг 285 сынаманың 116-сы оң нәтиже бергенін, соның ішінде A(H3N2) тұмауы және COVID-19 расталған жағдайлары анықталды.

Abai.kz

0 пікір