Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1784 0 пікір 7 Тамыз, 2026 сағат 16:15

75 мыңнан астам талапкер білім грантына ие болды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Биыл 75 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды. Бұл ретте конкурс ережелері өзгеріссіз қалды, бұл оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы конкурсқа 127 мыңға жуық өтінім берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Мемлекеттік білім беру гранттарының 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бағытталғаны атап өтіледі. «Серпін» жобасы аясында 2 мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады.

Ведомствода гранттарды бөлу кезінде заңнамада көзделген барлық мемлекеттік қолдау шаралары сақталғанын хабарлады. Оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы талапкерлерге арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін конкурстан тыс гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтарға арналған 1816 грант бар.

Білім беру грантын беру туралы электрондық куәліктер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында үш жұмыс күні ішінде қолжетімді болады. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 852
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2243
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 570
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 547