Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4187 0 пікір 14 Қазан, 2009 сағат 09:24

«АЗАТ» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына бірігу туралы»

«АЗАТ» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ мен ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ (ЖСДП)  БІРІККЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан 2009 жылды өмірдің барлық қырларын -  әлеуметтік сала, экономика, саясатты қамтыған күрделі дағдарыс жағдайында аяқтап келеді. Баға мен тарифтердің тоқтаусыз өсуі, шағын бизнестің күйреуі, үкіметпен зейнетақы мен жәрдемақылардың іс жүзінде «төленбей тасталуынан» қазақстандықтардың жартысынан көбі кедейшіліктің қамытын киюге мәжбүр. Қазақстандағы дағдарыстың түбі көрінбеуі - әрбір күн азаматтарды кемсітуде, қинауда.

Дағдарыс қазақстандықтардың қалтасын қағып жатқан кезде, оның бастапқы себепшісі болған авторитарлық саяси жүйе әрбір азаматтың жасампаздық өмірінің жылдарын, жаңа буынның болашағын, күллі елдің тағдырын шешер тарихына қол сұғуда. Өзінің пайдакүнемдік мүдделерін қорғай отырып, билеуші режим қоғамымызда тынысты тарылтар қорқыныштың, өтіріктің, жаппай мәңгүрттіктің ахуалын қалыптастыруда.

Сайлауды бұрмалаудың машинасы одан әрі жетілдірілуде, мейлі ол саяси партияны тіркеу немесе бейбіт көше шеруі түрінде болсын, басқаша ой ойлауды білдіру мүмкіндігі шегіне дейін әдейі қиындатылып отыр. Тізгінсіз кеткен құқық қорғау органдары мен қуыршақ соттар қосарланған қуатпен газеттерді жауып, тәуелсіз журналистерді, құқық қорғаушыларды, отандық бизнестің дербес өкілдерін қудалауда.

Көпшілік сананың ең тұрпайы формаларын негізге алған, билікке бағынышты идеологтар азаматтарымызға «ұлттың көшбасшысы туралы» сандырақ идеяларды таңуда, саяси оппозицияның өмір сүру құқының өзіне күмән келтіруде.

Ешкімнен де қысылып-қымтарылмастан, билік бұл ортағасырлық басып-жаншу дағдыларын «қазақстанның ерекше даму жолы» деп атап, - дағдарыстан шыққан бойы, жаңа күшпен салған ӨЗ ЖОЛЫМЕН жаппай билеп-төстеушілік пен байлыққа кенеле түсуге дайындалуда.

Жағдайдың бұлай дамуына жол бермеуге, біздің еліміздің қазіргі әлемнің күресін қорасына біржолата ысырып тастауына Қазақстан халықының мейлінше дәйекті түрде білдірілген еркі ғана кедергі келтіре алады. Азаттық, әділеттілік және әркімнің лайықты өмір сүруінен басқа «қазақстандық жолдың» болуы мүмкін еместігін түсінетін кез келді!

Осы тұста демократиялық оппозицияның терең саяси реформаларды дереу қолға алудағы ортақ мүдделілігі еліміз үшін аса маңызды мәнге ие. Ол тарихи сәттің сан қиыншылығына байланысты партиялық бағдарламалардың орын алған айырмашылығын тәрк етіп, Отанымыздың тағдырына бейқам қарай алмайтын барлық күштерді мейлінше бірігуін қажет етеді.

Авторитарлық режиммен бірігіп күрес жүргізудің көптеген жылдары, «АЗАТ» Қазақстанның демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының идеялық-саяси позициясы мен іс жүзіндегі амалдарының бір-біріне ерекше жақындығын көрсетті. Бірігіп жұмыс істеудің көп қырлы дәстүрлері мен пішімдерінің негізі қаланып, өзінің біріккен түрде жүзеге асуын талап еткен бірыңғай әрекеттердің кең әлеуетін анықтады.

Осы айтылғандардың бәрін негізге ала отырып - біздер «АЗАТ» және ЖСДП партияларының, «АЗАТ» Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына бірігуі туралы мәлімдейміз.

Біздердің бұл қадамымыз демократиялық қозғалыстың жаңа кезеңін - біріккен оппозицияның қазіргі заманға сай демократиялық мемлекеті, Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі үшін күресінің кезеңін әйгілейтіндігіне сенімдіміз. «Партия билігіне» толыққанды қарсы күш ретінде, еліміздің қоғамдық сахнасына авторитарлық басқарушы режимге балама ретінде азаттық пен әлеуметтік әділеттілік идеяларын ұсынған, заманауи, қуатты, шын центристік партия шығып отыр.

Біздер еліміздің азаматтарына өз төңірегінде нақты әрекеттердің кеңістігін құруға, толыққанды азаматтық қоғамды құрудың қуатын жинақтауға қабілетті партияны ұсыну үшін өз күшімізді жұмылдырамыз. Бірге атқарылған жұмыс барысында өзіміз жинақтаған тәжірибе, Қазақстан жерінде демократиялық және әлеуметтік мемлекет үшін күрестің теориясы мен практикасын байытуға қабілетті екендігіне сенімдіміз.

Біздер «Әділетті Қазақстан үшін!» Блогының басқа қатысушыларымен өте тығыз ынтымақтастықта болып, «Бұдан әрі бұлайша өмір сүруге болмайды!» дегенді түсінген және соған бекінген еркін ойлы барлық азаматтарды жұмылдыруға қабілетті біріктіруші күш болуға ниеттіміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588