Сәрсенбі, 3 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 102 0 пікір 3 Желтоқсан, 2025 сағат 13:07

Тұмау жұқтырғандар азайды

Сурет: аikyn.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша жағдай түзеліп келеді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елдегі жағдай біртіндеп түзеліп келеді.

Тұмау басылып жатыр, 15% төмендеу бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған шаралар өз нәтижесін беріп жатыр, – деді еліміздің бас дәрігері.

Сонымен бірге ведомство басшысы инфекциялық төсектердің толымдылығы шамамен 60% деңгейінде екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір