Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 8218 0 пікір 14 Қазан, 2009 сағат 09:56

Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ. «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер араңдап жүр?

Әу баста атам қазақ әруаққа сиынбаған, сыйлаған. Біз осы екі ұғымды ауыстырып алғандаймыз. Қабірлердің басындағы әруақтардың тасына барып, өлгендерден тілек тілеп, қасиетті Қағбаны айналғандай тауап етіп жататын, әруақтарға арнап, құрбан шалып, тілек тілеп, бала сұрап жалбарынатын қауымның іс-әрекеті қаншалықты Исламға қайшы екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қазіргі кезде көпшілікке таныс «Сұңқар», «Аққу» деген атпен көптеген мұсылман бауырларымыздың адасқан жолында көш бастап, қабірлерді аралатып, олардан демеу сұратып жатқаны жасырын емес. Көктемнің шуақты күндері басталысымен ақ шүберек байлаған автобустар жолға шығады. Қабірлерге барып қайтушылардың жиған терген теңгесін жинап алып, жолын ашып берушілер де насихатын күшейтеді. Бұл осы дүниенің есебі, ал ақиретте ше?

Алайда, олардың: «Біз аруақтардан емес, Аллаһтан сұраймыз, тек біздің тілегімізді Аллаһқа аталар жеткізеді» деп жүргендері - рухани айла. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһтан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Аллаһ естуші, әрі толық білуші» дейді («Маида» сүресі, 76-аят). Осы бізге анық дәлел емес пе?

Әу баста атам қазақ әруаққа сиынбаған, сыйлаған. Біз осы екі ұғымды ауыстырып алғандаймыз. Қабірлердің басындағы әруақтардың тасына барып, өлгендерден тілек тілеп, қасиетті Қағбаны айналғандай тауап етіп жататын, әруақтарға арнап, құрбан шалып, тілек тілеп, бала сұрап жалбарынатын қауымның іс-әрекеті қаншалықты Исламға қайшы екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қазіргі кезде көпшілікке таныс «Сұңқар», «Аққу» деген атпен көптеген мұсылман бауырларымыздың адасқан жолында көш бастап, қабірлерді аралатып, олардан демеу сұратып жатқаны жасырын емес. Көктемнің шуақты күндері басталысымен ақ шүберек байлаған автобустар жолға шығады. Қабірлерге барып қайтушылардың жиған терген теңгесін жинап алып, жолын ашып берушілер де насихатын күшейтеді. Бұл осы дүниенің есебі, ал ақиретте ше?

Алайда, олардың: «Біз аруақтардан емес, Аллаһтан сұраймыз, тек біздің тілегімізді Аллаһқа аталар жеткізеді» деп жүргендері - рухани айла. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһтан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Аллаһ естуші, әрі толық білуші» дейді («Маида» сүресі, 76-аят). Осы бізге анық дәлел емес пе?

Қазіргі қабірлерге зиярат етушілердің мән бермей жүрген бір мәселесі - Ислам сенімі бойынша қабірде жатқандардан тілек тілеуге болмайтындығы. Тілек тек қана бір Аллаһтан тіленеді. «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың» деп аталарымыз тегін айтпаған. Аллаһ тағала Фатиха сүресінің бесінші аятында бір Аллаһқа ғана құлшылық етіп, бір Алладан ғана сұрау қажеттігін адамдарға бұйырған еді. Ал, қабірде жатқан қандай қасиетті адам болса да, одан бірдеме сұрау - Аллаһтың қаһарын тудыратын серік қосу күнәсі екенін біліп қойғанымыз жөн. Әулие, әнбие, әруақ - бұлардың бәрі өмірден өтіп кеткен адамдар. Олар біздің қайғы-қасіретімізге, қуаныш-шаттығымызға ортақтаса алмайды. Бізге ешқандай жәрдем тигізе алмайды. Тіпті олар біздің не тілеп, не сөйлеп жатқанымызды да естімейді. Бұл сөзімізге дәлелді Құраннан табамыз.

«Егер оларға жалбарынсаңдар - дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (Фатыр сүресі, 14-аят).

«Тірілер мен өлілер тең емес... Мұхаммед (ғ.с.) сен қабірдегі біреулерге естірте алмайсың» (Фатыр сүресі, 22-аят).

Аллаһтың аяттарында келтірілгендей, тірілер мен өлілер тең емес. Өлілердің тірілерге көмектесуі мүмкін емес. Ал тірілер Құран оқып, дұға жасап өлілерге көмектесе алады.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда елімізде қабірден қабір қоймай аралап, әулие-әнбиелерге мінәжат қылып, медет тілеушілер көбейіп кетті. Бақыт, бақ-дәулет, дертке шипа, құрсаққа перзент аңсаушылардың барар жері, басар тауы - әулиенің басы, бейіттің тасы екені өкінішті-ақ. Олар осылайша Жаратқан Аллаһқа емес, жаратылған - мақұлыққа жалбарынып жүр. Сөйтіп, тірілер әруаққа емес, әруақ тірілерге мұқтаж екенін ұмыта береді. Енді «өлген адамның қалай көңілін тауып, қалай разы етуге болады, қандай қажеттілігін өтесек әруақ алдындағы міндетімізден құтыламыз?» деген сұрақтарға келейік. Бұл сұрақтардың жауабын шариғаттан іздеп көрейік Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) сүннетіне сүйенсек, тірі адамдардың өлген пенде алдындағы міндеттері: мәйітін жуу; кебіндеу; жаназасын шығару және жерлеу. Осы рәсімдерді орындаған адам өлі алдындағы өз міндетінен толық құтылады. Әрине, Құран оқып, дұға бағыштаса, өлген адам одан пайда алуы мүмкін. Бірақ шариғат шартын сақтап, орындамаса бұдан да пайда жоқ. Егер, өліге бағыштап мал сойып, құлпытас орнатып, мазар салып әруақты риза етеміз десек, бұл жерде Аллаһтың бұйрығы бұзылатынын білгеніміз жөн.

Аллаһ Тағала Өз кітабы - Құранда (Кәһф сүресінде) бір оқиға жөнінде бізді хабардар етеді. Онда дінсіз қауымнан қашып, үңгірге тығылған иманды жастар жөнінде айтылады. Оларды Жаратушы Иеміз үш жүз тоғыз жыл ұйықтатып тастап, сосын оларды кейінгілерге үлгі болуы үшін қайтадан оятады. Оянған соң олардың бірі қалаға барып, жаңа ортаға мүлде жатырқап қарайды. Онда үйренісе алмай, үңгірге қайтып оралады. Ол келген кезде, ұйқыдан оянған иманды жастардың бәрі қайтыс болып кеткенін көреді. Ал, олардың арттарынан іздеп келген адамдар олардың үңгіріне «үй салайық», «мешіт салайық» деп дауласады. Осыған орай барлық әлемдердің раббысы Аллаһ Тағала оларға (яғни, өлген жастарға) Аллаһтан өзге ешкім жәрдем бере алмайтынын, Өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайтынын, оларға Өз тарапынан белгілі бір игілік бөлетінін білдіреді. Ендеше, өз несібесі өзінде болатын о дүниедегі адамдарды разы етеміз деп қара тер болуымыздың қаншалықты қажеттілігі бар?

Сондай-ақ, «өлі риза болмай тірі байымайды» деген қағидада, өлінің мұқтаждығын өтесең ол да саған жәрдемін тигізеді деген ұғым жатыр. Мұндай сенім иелері тірілердің дұғасына мұқтаж болған өлгендер рухының тірі адамға зиян да, пайда да келтіре алмайтындығын ұқпайды. Ел ішінде: «Адам өлген соң оның денесінен жаны бөлініп шығады, әруақ дегеніміз - осы. Әруақ тірілерден разы болса, ол адамдардың арасында жүріп оларды қолдап-қорғап, бәле-жаладан сақтап жүреді» деген сенім бар. Сондықтан, ісі ілгері баспаса: «Бәлкім құдайы жасап жіберсем, әруақтар разы болып, жолым ашылар» деп, Аллаһқа емес, аруаққа арнап құрбандық шалып жататындар өзінің бұл ісінің дұрыс еместігін білмейді. Ислам шариғаты бойынша бұл қате сенімнен туған аса ауыр күнәға жатады. Ендеше біз қажеттілігімізді Аллаһтың бір Өзінен ғана сұрауға тиіспіз.

Аллаһ Құран Кәримнің Каф сүресінің 16-аятында: «Біз адам баласына күре тамырынан да жақынбыз!» деген. Демек, Аллаһ Тағала сөзі ақиқат, бізге қабірде жатқан мәйіт емес, Аллаһ Тағала жақын екен. Аллаһ Тағала Бақара сүресінің 186-аятында: «Мен оларға ақиқатында жақынмын, менен тілек тілесе қабыл аламын» деп анық айтады. Олай болса, өте жақын Аллаһ Тағаладан тілемей, айшылық, күншілік жол жүріп, айдаладағы әулие, әруақтардан тілек тілегеніміз қай сасқанымыз?!.

Аллаһ Тағала айтады: «Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді...» (Фатыр сүресі, 14-аят). Қабірдегілер тірілердің сөзін естімесе, жауап беруге шамасы келмесе, онда олар өзіне сыйынушылардың мұң-мұқтажын қалай шешіп бермек? Аллаһ тыйым салған болса, әруақ адамдардың желеп-жебейтін күш-қуатын қайдан алып, оны тірілер үшін қалай пайдаланбақ? Ендеше, біздің «Құдай оңда, әруақ қолда» дегеніміз қалай болар екен?

Біз қазақтар осы «әруаққа сыйынсақ, оңаламыз» деген сенімді қайдан тауып алдық екен? Егер әруаққа сыйыну халықты бақытқа жеткізетін болса, онда үнділердің алдына ешқандай ел түспеген болар еді. Олар ата-бабасының әруағына сенетіні сондай, жақын жерден желеп-жебесін деп олардың өлігін дестелеп шатырларына жинап қоюшы еді. Тіпті, кейбір үнді тайпалары басы ауырса, атасының мәйітінің бас сүйегін ұнтақтап, оны суға езіп дәрі ретінде ішіп те алады екен. Бірақ, ата-баба әруағына аса қатты берілсе де, үнді халқы жойылуға таяу тұр. Міне, бұл Жаратушыға емес, жаратылғандарға сенудің жеткен жері. Біз де сол Құдайын танымай, оған надандықпен әруақты ортақ етіп жойылып кеткен үнділердің кебін кимейік десек, Ислам дінін ғылыми түрде меңгеруге талпынуымыз қажет.

Алдымен, осы «әруақ» сөзінің мағынасын ашып алайық. «Әруақ» араб сөзі. Түбірі - «рух». Яғни, «жан» деген мағынаны білдіреді. Жанның жеке түрі - «рух», ал көпше түрі - «әруақ» деп аталады. Сонда, «әруақ» қазақшаға «жандар» болып аударылады. Мысалы, Қабанбайдың әруағы қолдай көр дегеніміз, Қабанбайдың жандары қолдай көр деген ұғым берген болар еді. Сонда, Қабанбайдың қанша жаны болғаны?! Демек, әруақ деген сөзіміздің өзінде бір шикілік бар екені осыдан-ақ көрініп тұр. Осы сұрақ төңірегінде ойланған адамдар өлілерге сиынуды тоқтатса керек еді.

 

«ҚАЗАҚСТАН» апатлығы, №36 (276),  8-қазан, 2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588