Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1374 0 пікір 9 Желтоқсан, 2025 сағат 16:40

Президент елшілерді тағайындады

Суреттер: Еділов телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы бүгін бірқатар елдерге Қазақстанның елшісін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сонымен, Президент Жарлығында:

«Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», - деп жазылған.

«Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - деп жазылған.

«Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - деп жазылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1573
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3184
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090