Сейсенбі, 9 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 911 0 пікір 9 Желтоқсан, 2025 сағат 16:58

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

Сурет: qazaquni.kz сайтынан алынды.

Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) хабарлады. Олар Димаштың шығармашылық және гуманитарлық қызметі арқылы дүние жүзіндегі дағдарыстардан зардап шеккен адамдардың тағдырына назар аударатынын атап өтті.

Салтанатты шарада Димаш бұл рөлді үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын және қауіпсіз көші-қон, инклюзия және өзара көмек идеяларын ілгерілетуді жалғастыратынын айтты. Ол ХКҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою және қаражат жинау бастамаларын қолдауға ниетті екенін атап өтті.

Сондай-ақ әнші гастрольдік сапарларында гуманитарлық жобаларға қолдау көрсеткен тыңдармандарына алғысын білдірді.

Abai.kz

0 пікір