Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2679 0 пікір 15 Қазан, 2009 сағат 05:16

Интернет-конференция

Сұрақ

Ереке! Айып етпесеңіз бір-екі сұрағым бар еді.

1. Осы сіз қаншама жыл бойы билікпен арпалысып келесіз. Қанша мәрте сотталдыңыз, қаншама газетіңіз жабылды. Шыныңызды айтыңызшы, шаршаған жоқсыз ба? "Барлығы құрып кетсін, тыныш өмір неге сүрмеймін" деген сұрақтар мазаламай ма?

2. Сіздің осындай тіршілігіңізге отбасыңыз, жеңгей қалай қарайды. "Осыны қойшы, қайтесің" демей ме?

3. Жақында Ромин Мадинов деген алпауыт газетіңізді жапқызды. Әрине, ол биліктің тапсырмасы. Алайда ертең заман өзгеріп, сол Ромин алдыңыздан шыға келсе, оған не дер едіңіз? Қолыңызды берер ме едіңіз?

Бауыржан, Астанадан


Жауап:

Сұрақ

Ереке! Айып етпесеңіз бір-екі сұрағым бар еді.

1. Осы сіз қаншама жыл бойы билікпен арпалысып келесіз. Қанша мәрте сотталдыңыз, қаншама газетіңіз жабылды. Шыныңызды айтыңызшы, шаршаған жоқсыз ба? "Барлығы құрып кетсін, тыныш өмір неге сүрмеймін" деген сұрақтар мазаламай ма?

2. Сіздің осындай тіршілігіңізге отбасыңыз, жеңгей қалай қарайды. "Осыны қойшы, қайтесің" демей ме?

3. Жақында Ромин Мадинов деген алпауыт газетіңізді жапқызды. Әрине, ол биліктің тапсырмасы. Алайда ертең заман өзгеріп, сол Ромин алдыңыздан шыға келсе, оған не дер едіңіз? Қолыңызды берер ме едіңіз?

Бауыржан, Астанадан


Жауап:

Сәлем, Бауыржан! Шынымды айтсам, шаршадым. Отты-сотты тірлік кешіп жүргелі он екінші жылға кетті. Төрт рет қылмыстық жазаға тартты, сансыз азаматтық-әкімшілік соттардан өттім, атты, жарды, өртеді, т.т. Бірақ ойлап отырсам, мені шаршатқан - жар жағалап, қар сағалап өткен күндерім емес, осы сүргіннің шегіне қашан жетеміз деген ой екен. Мұқым елді сүргінге салған аждаһаның ажалды сәтін көре алмай әділетсіздік пен қиянат билеген өмірден кетіп қаламыз ба деген уайым шаршатады.
Әрине, менің қиыр шегі жоқ бұл арпалысыма жеңгең де, бала-шағам да, ағайын-туған мен дос-жарандар да алаңдайды. Сен айтпақшы "барлығы құрып кетсін, тыныш өмір неге сүрмейсің?" деген сұрақты аптасына екі-үш рет естимін. Балаларың ер жеткен кезде, дүлеймен ерегесіп, сотты болған оңай емес.
Бірақ, кете алмайды екенсің... Әлдебір кеудемсоқ, лепірме сөз айтқым келмейді... Кете алмадым... Кіндікті матап тастаған бір бәлекет бар сияқты. Әлде тумысым солай ма, кім білсін?.. Негізінде мен кемпірдің, соғыс жесірінің шандырын сорып өскен баласымын ғой, бәлкім топырағы торқа болғыр сол қара кемпірден сіңіп қалған бір қиқарлық бар шығар...
Ал Ромин сияқты бұл заманның сұрқылтайлары менің өміріме бұрын да біраз кесір болған, бұдан кейін де кезігер. Сондайлардың бірқатары қазір боқ жеп жүр ғой, анда-санда кейбіріне кездесіп қаламын. Сонда олардың қандай күйге түсетінін кім білсін, ал мен сондай жандайшаптар халқына кесір келтіріп кеткеніне налимын, кейде солар үшін өзім ұяламын. Ал заман өзгерген кезде дәл сол Ромин алдымнан кез болса, бетіне түкіріп кетер едім...

Сұрақ

Мына оппозицияның басы неге бірікпейді? Ықыласы жоқ па, әлде намысы жетпей ме?

Оппозициялық басылымдар дейсіз. Дұрыс-ақ, болсын. Алайда олардың қазақ мәселесіне тигізіп жатқан пайдасы қайсы? Оппозициялық басылымдардың бетін қашан ашысаң да я Жовтис, я Аблязов деп жатады. Сонда тіл қайда, жер қайда, қырылып жатқан қазақ қайда? Осыған не дейсің? Қазаққа Жовтистердің не қатысы бар?

Жауап:

Оппозицияның басын біріктіру үшін сонау 2000-ші жылдан бері біраз еңбек еткен сияқтымын. Шығарған газеттерімнің бәрінде оппозиция серкелеріне бірдей орын беруге тырыстым. Ал енді көзім жеткені - бұлардың әрқайсысы бас-басына би болғысы келе ме деп қауіптенем. Ано-о-у  Есілдің арғы бетіндегі Ақордадағы алпауыт тұрғанда, бұлардың бірде-біріне билік бұйырмайтынын сезбейтін сияқты. Әйтпесе олардың басы бірігетін күн - арысын айтпағанда, берісі - Заманбек пен Алтынбек атылған күні туған жоқ па еді?!

Қазір менің тағы бір көзім жеткен жәйт - оппозицияға жаңа идея және сол идеяны алып келетін жаңа серкелер қажет сияқты. Мен Серікболсын ағаны да, Жармахан мен Болатты да азаматтықтың асыл үлгісі деп білем. Бірақ "жақсы азамат" болу мен "елге көсем" болу деген екі түрлі ұғымдар екені мәлім. Саяси бағыттағы бұраңқы жол бұралқыға айналып кеткенде, саясат батып қалғанда ("буксовать" деп ұғыңыз), оны батпақтан шығаратын бір күш қажет емес пе? Меніңше бізге қазір сондай бір күш керек.

Ол күшті біреулердің сырттан әкелуі тіптен де қажет емес. Осы бүгін көз алдымызда жүрген тұлғалардың бірі жаңа ұранмен, әлдеқайда батыл және табанды тегеурінмен Ақордаға қарай атойлай жөнелсе, оппозиция сол сәтте жаңа күштермен толығар еді. (Әрине оны түрмеге қамауы, тіпті атып тастауы да мүмкін, бірақ төңкеріс "жертвасыз" бола ма?).

Ал ол күштердің қайнар көзі - халық. Бүгінде бейшара күйге түскен, билік әбден мәңгүрт еткен ол халық броневиктің үстіне шыққан біреуді көрмесе, оған не кінә тағарсың?! Халықты оятатын - броневиктегі адам. Сол пақыр көптен бері көрінбей кетті. Сонымен бірге броневиктегі адамның сөзін Қызылқұмда қой жайып жүрген Қазақбайларға жеткізетін газет қажет. Мәселенің мәні осында деп білем.

Айтпақшы, сұрақтың екінші бөлігі дәл осы газеттерге қатысты еді ғой. "Оппозициялық газеттердің қазақ мәселелсіне тигізіп жатқан пайдасы қайсы?" дейсіз тағы да. Мен осы сұрақты керісінше қойып көрейінші: "Егемен Қазақстан" газетінің "қазақ мәселесіне" тигізіп жатқан пайдасы қайсы? Әділетсіздіктен қиянат көрген қайсы қазақтың мәселелсін "Егемен" еңіреп жазды екен? Сайлаудағы дауысы тоналған, азаматы атылып, айдалып, жер ауып кеткен қайсы қазақтың қасіретін Қазақстанның қай газеті жазды? Тіпті осындай оқиғалар жөнінде бір ауыз ақпарат жариялаудан тышадай қорқатын ол газеттер қайсы қазаққа пана бола білді?

"Тіл қайда, жер қайда, қырылып жатқан қазақ қайда?" дейсіз тағы Марстан келген адам сияқты. Тілдің, жердің, қырылып жатқан қазақтың мәселелсін оппозициялық газеттердің міндетіне артып қою  - жөнсіз сөз. Тіпті, бұл проблемаларды, аяғы аспаннан салбырап түссе де, "Егемен" де шеше алмайды. Бұл арада бір ғана түйін бар, ол - елдегі саяси биліктің бетін қазаққа қаратпайынша, осы зарлағаның - зарлаған. Бүгінгі билікке қазақ қажет емес. Оған өзінің отырған орыны ғана қажет. Сол орын үшін ол билік ертең қазақтың тең жартысын қырып тастауы да ғажап емес. Егер "Малыбай оқиғасына" ұқсас қазаққа қарсы жағдайттарды есіңізге алсаңыз менің ойымда орасан оғаштық бар деп айта алмайсыз. Елдің, жердің, қазақтың тағдырына тіреу болу үшін елдегі саяси билік түбірімен реформалануы қажет. Онысыз "қазақ-қазақ" деген қақсауыңыз бос былжырақ болады.

Айтпақшы, "Жовтис пен Әбіләзовтің қазаққа қандай қатысы бар" деп, билікке бүйрегі бұратын тағы бір сұрақ қойыпсыз. Жовтис - елдегі әділеттілік (дұрысы - әділетсіздік) мәселелсін әлемдік деңгейде қақыратып айтып келген екі-үш адамның бірі. Соңғы төрт-бес жылда ОБСЕ-ге, Еурокеңеске, Еуроодаққа, Еуропарламентке барып, ел ішіндегі адам айтқысыз заңсыздықтар проблемасын қайсы партияның серкесі айтты - есіңізге түсіріп көріңізші. Түсіре алмайсыз! Себебі біздің серкелерге шетке шығып, халық үшін сөз айту - жылап-сықтаумен, бетімен жер басқанмен бірдей. Ал ол халықаралық ұйымдар болмаса, олардың алдында ел ішіндегі жағдайды айтып отырмасаң, бүгінгі билік баяғыда аждаһаға айналып кетер еді.

Ал Мұхтар Әбіләзов - ол қиянаттың құрбаны. Біз ондай құрбандарға әрдайым жақтаушымыз. Бәлкім, Мұхтардың заң алдында кінараты бар шығар, бірақ оны жабайы жолмен емес, заңның ығымен шешу керек еді ғой. Бірақ біз олай ете алмаймыз. Себебі бізде ЗАҢ деген ұлы түсінік жоқ. Оның жоқтығын біле тұра Әкежан да, Мұхтар да, басқалар да елден кетуге мәжбүр болды. Бізде Марат марқұм Қабанбаев ағам айтпақшы ПАХАННЫҢ ғана заңы бар. Ал елдегі басты пахан кім екенін, құдайға шүкір, сіз білетін шығарсыз.

(Жалғасы бар)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578