Дүйсенбі, 15 Желтоқсан 2025
Билік 135 0 пікір 15 Желтоқсан, 2025 сағат 12:13

Орталық Азия + Жапония: Тоқаев Токиоға барады...

Сурет: nazarmedia.kz сайтынан алынды.

18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.

– Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Тоқаев қараша айының басында Ақ үйге барып «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысып келген еді.

Сонымен бірге «Орталық Азия – Қытай» саммиті де тұрақты өтіп келеді.

Abai.kz

0 пікір