Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2601 0 пікір 12 Тамыз, 2026 сағат 14:41

Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты

Коллаж: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Оңтүстік Корея азаматтарын ұстауға және отанына қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты.

Сөз 23 шілдеде Қазақстанда ҰҚК тарапынан ұсталған Корея Республикасының 14 азаматы туралы болып отыр. Комитеттің мәліметінше, оларға отанында телекоммуникация жүйелерін пайдалану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасады деген айып тағылып, іздеу жарияланған.

Ли Чжэ Мённың хабарлауынша, күдіктілер Қазақстанға Камбоджа мен Вьетнам арқылы келіп, Оңтүстік Корея азаматтарына қатысты дауыстық фишингпен (voice phishing) айналысқан. Ұсталғаннан кейін шамамен екі апта өткен соң олар отанына қайтарылды, қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Ұстаудан бастап елге қайтаруға дейінгі бүкіл процесті осыншалықты жылдам жүргізу Қазақстан Президенті Тоқаев пен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды», - деп жазды Ли Чжэ Мён X әлеуметтік желісінде.

Тінту барысында ұсталғандардан заңсыз әрекеттерде пайдаланылды деген болжаммен компьютерлік техника, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея Президенті алдағы «Корея - Орталық Азия» саммиті шеңберінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесетініне үміт білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3220
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1207
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118