Сәрсенбі, 17 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 81 0 пікір 17 Желтоқсан, 2025 сағат 14:52

Қазақстан экономикасы биыл 6,4 пайызға өсті

Сурет: qagro.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстан экономикасының өсімі 6,4 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында белгілі болды.

Елдің экономикалық дамуына ең көп үлес қосқан салалар – өнеркәсіп (7,4%) және ауыл шаруашылығы (6,1%). Сонымен қатар көлік саласында (+20,3%), құрылыс (+14,7%) және сауда (+8,8%) бағыттарында да елеулі өсім байқалған. Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан экономикасы соңғы айларда сыртқы өзгерістерге бейімделіп, тұрақты даму траекториясына шыққан.

«Бүгін негізгі салаларда айтарлықтай серпін байқалады. Бұл әлеуметтік бастамаларды орындауға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мықты негіз қалайды», – деді министр.

Abai.kz

0 пікір