Дүйсенбі, 22 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 420 0 пікір 22 Желтоқсан, 2025 сағат 16:57

Астанадағы LRT желісі қашан іске қосылады?

Сурет: bizmedia.kz сайтынан алынды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі алдағы 1-2 айда іске қосылатынын атап өтті. 

– ЛРТ 30 қыркүйектен бері сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, яғни шамамен 2,5 ай болды. Ай соңына дейін барлық вагон жеткізіледі деп күтіліп отыр. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Біз бастапқыда сынақ режимі 3 айдан 6 айға дейін созылатынын айтқанбыз. Алдағы бір-екі айдың ішінде бұл жұмыстар толық аяқталып, ЛРТ-ны іске қосуды жоспарлаудамыз, - деді Ж. Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қала әкімі әсіресе Ш. Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойында Есіл және Нұра аудандарындағы көлік жүктемесі біршама азаятынын атап өтті.

– 9 жоғары жылдамдықты көлік дәлізінің іске қосылуы қоғамдық көліктің «қарбалас» уақыттардағы орташа қозғалыс жылдамдығын 30%-ға арттырып, автобустардың қозғалыс аралығын 8 минутқа дейін қысқартады, - деді Астана әкімі.

Айта кетейік, қараша айында елордадағы халық саны 1,6 миллион адамнан асқан. Бұған дейін Жеңіс Қасымбек қаланың инфрақұрылымы қалай жетілдірілетінін айтқан еді.

Abai.kz

0 пікір