Адамзат мұнай үшін соғыстан – су үшін соғысқа бет алды...
Біз қазіргі күнімізде мұнай, газ, шекара жөнінде тақырыптарда соғыс тілінде сөйлей бастадық. Бұл орайда су ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалған табиғи ресурс саналып келді. Дегенмен, дәл осы су тақырыбы бүгінде өңірлік тұрақсыздықтың ең төмен бағаланған факторларының біріне айналып отыр.
Бұл ретте әңгіме тек тапшылық туралы ғана емес, сонымен қатар, өңірдің ірі өзен жүйелерінің суы - жер өркениеті өскен сол артериялардың сапасы туралы да болып отыр. Олар жиі ластанған, сарқылған немесе саяси қысым құралына айнала бастады.
Орталық Азияда Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан суға қатысты Қытай, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстанның қолына қарай бастады. Каспийге қатысты Иран, Әзербайжан, Түркіменстан және Қазақстан Ресейдің қолбаласы болудың аз-ақ алдында тұр. Түркіменстан мен Әзербайжан Ирандық су көздеріне бастары байлаулы. Тап осындай жағдайға Сүрия мен Ирак та ұшырап отыр. Олардың Түркияға тәуелділігі артуда. Ал Эпиофия суға қатысты Мысырдың адымын ашытырмай отыр.
Әлемдік демографияның тал бесігіне айналған Африка мен Азияны су қырғынының елесі кезіп жүр.
Abai.kz