Сейсенбі, 13 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 106 0 пікір 13 Қаңтар, 2026 сағат 14:28

АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерге салық енгізді

Сурет: korrespondent.net сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда қатынасын жүргізетін барлық елдерге 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

Трамп ақпаратты Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Осы сәттен бастап Ислам Республикасымен — Иранмен — бизнес жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен жасалатын барлық коммерциялық операциялар үшін 25 пайыздық баж салығын төлейді. Бұл шешім түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», — деп жазды Ақ үй басшысы 12 қаңтарда.

Дональд Трамптың айтуынша, бұл шара Иран үкіметіне қысым көрсету мақсатында қабылданған. Ақ үй басшысы биліктің ел ішіндегі наразылық акцияларын күшпен басып-жаншып отырғанын атап өтіп, бұған дейін наразылық білдірушілерге көмектесетінін мәлімдеген болатын.

Abai.kz

0 пікір