Сәрсенбі, 14 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 139 0 пікір 14 Қаңтар, 2026 сағат 14:58

Алатау қаласына ерекше мәртебе берілмек

Сурет: nur.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаттары «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарауға қабылдады. 

Сөзінше, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, технологиялық, ғылыми, білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдай жасауға, Алатау қаласын дамытуға салынатын инвестициялардың кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын арттыруға, «ақылды қала» құру және Алатау қаласының экономикалық дамуы мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға бағытталған, - деді депутат.

Заң жобасы 5 тараудан, 65 баптан тұрады. Сабильянов экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір