Ертең Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, 2025 жылы – Бурабайда өтті.
Abai.kz