Сейсенбі, 20 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 110 0 пікір 20 Қаңтар, 2026 сағат 15:25

Жошы хан туралы фильмді түсіру жұмыстары аяқталады

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

- Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық патформаларда өтеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір