Сәрсенбі, 21 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 150 0 пікір 21 Қаңтар, 2026 сағат 15:03

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Сурет: yassy-tur.kz сайтынан алынды.

Бүгін "Сарыарқа" ауданындағы Щорс көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Бұл туралы Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.Өрт 20 минутта 5 шаршы метр аумақта сөндірілді", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Abai.kz

0 пікір