Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3289 0 пікір 31 Қаңтар, 2026 сағат 18:35

Алматы полициясы жекеменшік мектептегі буллинг туралы деректі растамады

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты буллинг орын алды деген ақпарат бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын.

Тергеу барысында аталған мәліметтер өз растауын таппады, буллинг фактілері анықталған жоқ.

Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілді.

Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 716
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2021
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 501
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 475