Дүйсенбі, 16 Ақпан 2026
Көршінің көлеңкесі 173 0 пікір 16 Ақпан, 2026 сағат 14:06

Жапаровтың кезекті қадамы...

Сурет: 24.kg сайтынан алынды7

Қырғызстанда күтпеген шешім: Жапаров үш министрді бір күнде қызметінен алды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі үш министрліктің басшыларын қызметінен босатты.

Президент жарлығына сәйкес, төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев, табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Медер Машиев, сондай-ақ көлік және коммуникациялар министрі Абсаттар Сыргабаев отставкаға жіберілді. Мұндай ауқымды кадрлық өзгерістердің нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ.

Соңғы аптада республикада саяси тұрақсыздық болуы мүмкін деген әңгімелер күшейген. Алайда Жапаров мұндай сценарийлерді жоққа шығарды.

"Ешқандай төңкеріс немесе соған ұқсас жағдай болмайды. Біріншіден, заң ондайға жол бермейді, екіншіден, ондай ахуал мүлде жоқ", – деді ол.

Бұл кадрлық өзгерістер Жапаровтың жақын серіктесі Камчыбек Ташиевтің 10 ақпанда Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы қызметінен кеткенінен кейін орын алып отыр. Одан соң парламент спикері мен бірнеше министр де қызметтерінен кеткен.

Сонымен қатар президент Жапаров Қырғызстанды "солтүстік – оңтүстік" қағидасы бойынша бөлінуге жол бермейтінін мәлімдеді. Ол бұған дейін мұндай аймақтық бөлініс саяси құрал ретінде қолданылғанын айтып, 2021 жылдан бері өңірлік басшылық құрамында теңгерім сақталып отырғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір