Дүйсенбі, 16 Ақпан 2026
Әне, көрдің бе? 380 0 пікір 16 Ақпан, 2026 сағат 15:34

Путин өз елін әбден әлсіретті!

Сурет: ria.ru сайтынан алынды.

Путин жылдар бойы Қырғи-қабақ соғыстан кейін АҚШ орнатқан әлемдік тәртіпті сынға алып келгенін білеміз. Оның пікірінше, бір ғана державаның билігіне негізделген халықаралық жүйе Ресейдің дамуына кедергі келтіріп, орынсыз қақтығыстарға алып келіпті-мыс.

Бірақ билік басына Дональд Трамп келген күннен бастап, Путин қарсы болған тәртіп күйрей бастады. Оның орнына көпполярлы әлем қалыптасып келеді. Путин жаңа жүйеде экономика мен әскери күш дипломатия мен ынтымақтастықтан маңызды болып, әлемде Ресейдің рөлі күшейеді деп ойлады. Бірақ ол қатты қателесті. Бұрынғы әлемдік тәртіптің нормалары мен институттары Ресейдің әлсіз тұстарын жасырып келген еді. Путин қалаған жаңа әлем оның өзіне қауіпті болып шыққанын өзі де байқамай қалды.

Кремль өзінің ядролық арсеналы, бай табиғи ресурстары Қытай мен АҚШ-пен бәсекелесуге береді деп үміттенді. Бірақ оның бәрі бекер болып шықты.

Қазіргі таңда Ресей экономикасының көлемі Қытай мен АҚШ экономикасынан төрт есе кіші және бұл айырмашылық күннен күнге ұлғайып келеді. Сонымен қатар жасанды интеллект, биотехнология және кванттық есептеу секілді жаңа технологиялық салалардағы бәсекелестікте Ресей артта қалуда.

Осылайша Ресей өте ауыр дилеммаға тап болды. Путин көпполярлы әлемді әрбір держава өз мүддесі үшін тең дәрежеде бақталасатын алаң ретінде елестеткен-ді. Бірақ ол соғыстан кейінгі кезеңнің қалыптасқан халықаралық ережелері болмаса, жаңа әлем Ресейдің әлсіздігін айдай әлемге әшкере қылатынын көрсетті.

Вашингтонның әлемдік көшбасшылықтан бас тартқаны Мәскеуге емес, Бейжің пайдалы болып тұр. Қытайдың жылдам дамуы Ресейдің ықпалын төмендетіп, оны тең дәрежелі әріптестен гөрі кіші серіктес деңгейіне түсіріп тастады. Путин ойлаған көпполярлық жүйе АҚШ пен ытай арасындағы бәсеке алмасты.

Сонымен қатар, халықаралық ережелердің әлсіреуі де Ресей үшін қымбатқа түсті. Украина, Сирия және басқа жерлердегі әрекеттері Ресейді санкциялар мен дипломатиялық оқшаулауға ұшыратты. Бұл елдің экономикалық стагнациясы мен стратегиялық беделінің төмендеуіне алып келгенін көріп отырымыз.

Осылайша, Путиннің көпполярлы әлем идеясы қате болып шықты. Бұрынғы әлемдік тәртіптің құлдырауын қолдаған Путин Ресейдің әл-қуатын өз қолымен әлсіретті.

Қысқаша айтқанда, Путин армандаған көпполярлы әлем есігімізде аттады. Бірақ жаңа жүйе Путин ойлағандай болып шықпады. Жаңа тәртіп Ресейдің әлсіз тұстарын ашып көрсетіп, Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі әлемдік жүйенің күйреуі Ресей үшін бұрынғы жүйеден әлдеқайда ауыр тиетінін дәлелдеп берді.

Нұрлан Жұмақанов

Abai.kz

0 пікір