Сейсенбі, 17 Ақпан 2026
Жаңалықтар 133 0 пікір 17 Ақпан, 2026 сағат 14:33

Баку соты сепаратист Варданянды 20 жылға соттады

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Бакудің әскери соты Қарабақтағы армян сепаратистерінің лидерлерінің бірі, ешкім мойындамаған «Таулы Қарабақ республикасының» бұрынғы мемлекеттік министрі Рубен Варданянды 20 жылға бас бостандығынан айырды.

57 жастағы Варданян «Таулы Қарабақ» үкіметін басқару үшін Ресей азаматтығынан бас тартқан ресейлік миллиардер.

Армян жағы жеңілген соғыстан кейін оны Әзірбайжан қауіпсіздік күштері тұтқындаған. Мемлекеттік айыптаушы Варданянды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.

Abai.kz

0 пікір