ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Конституциясы жобасын талқылады
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Басшысы Елші Алексей Рогов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жайлы дипломатиялық корпусқа арналған брифингке қатысты.
Кездесу барысында құжаттың негізгі ережелері таныстырылды, соның ішінде адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттің зайырлылық қағидатын бекіту, сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау және халықаралық міндеттемелерді орындау нормалары қамтылды.
Біздің Офис мандатына сәйкес реформаларды ілгерілету мақсатында қабылдаушы елдің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ барлық ұлттық серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастыруға өз міндеттемесін растайды.
Abai.kz