Щучинскідегі жарылыс: 7 адам қаза тапты
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 7-ге жетті.
Оның бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екі адам 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Жалпы 26 адам зардап шеккен.
Алғашында 15 адам ауруханаға жеткізілсе, қазіргі уақытта 13 науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Тағы 6 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілген.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігінде әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктер анықталған. Күйіктердің аумағы мен тереңдігі әртүрлі. Барлық науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Abai.kz