Жұма, 27 Ақпан 2026
Жаңалықтар 81 0 пікір 27 Ақпан, 2026 сағат 14:24

Елімізде микронесиеге қатысты талаптар қатаңдай түсті

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Енді несие тарихы жоқтарға 100 АЕК-тен артық микронесие берілмейді және қарыз онлайн рәсімделмейді.

Микронесиеге қатысты талаптар қатаңдай түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен бірге биометриялық сәйкестендіруден өту міндетті. Микроқаржы ұйымдары клиентке келісімшарт талаптарын толық түсіндіруге тиіс.

Ал егер азамат қарызын уақытылы төлей алмай, берешек болса, микроқаржы ұйымы кемінде 3 ай комиссия ұстамайды.

Сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өтеушілерге бұдан былай мүлдем қарыз берілмейді.

Abai.kz

0 пікір