Сәрсенбі, 4 Наурыз 2026
Жаңалықтар 111 0 пікір 4 Наурыз, 2026 сағат 14:27

Ираннан Маңғыстауға босқындар ағылуы мүмкін бе?!

Сурет: 1bol.kz сайтынан алынды

Каспий теңізінің аржағында болып жатқан соғыс біздің елді де елеңдетіп отырғаны анық. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да АҚШ пен Израйль соққының астына алып жатқан Ирандағы жағдайға байланысты журналистер сұрағына орай пікір білдірді. Ол соғыс ұзаққа созылса бізге де әсері болатынын болжайды.

“Маңғыстауға босқындар саны көбеюі мүмкін. Тікелей теңізбен есептегенде 550-600 шақырым (Иран мен Маңғыстау облысының арасы) болады екен. Біз Еуропаны көрдік қой. Африка елдерінен қашқан босқындар үлкен-үлкен теңіздерді әртүрлі қайықтармен кесіп өтіп жатыр. Суға кеткендер де болды. Оның қасында бұл – әлдеқайда қысқа жол. Сол себепті 100 миллионға жуық халқы бар Иранда жағдай күрделенсе, ол Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Сондықтан, ол жақтағы жағдайдың жылдамырақ келісім болғанына өте қатты мүдделі елміз”, – дейді Абзал Құспан.

Abai.kz

0 пікір