Сәрсенбі, 4 Наурыз 2026
Әне, көрдің бе? 99 0 пікір 4 Наурыз, 2026 сағат 15:10

Ирандағы соғыс: Қазақстан позициясы қандай?

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукардың тілші сұрағына берген жауабы елең еткізді.

Тілші Қазақстанның неге Иранға көңіл айтпағанын сұраған екен. Елші барынша жауап беруге тырысыпты.

«Қазақстан – біз үшін дос әрі бауырлас ел. Мүмкін, демалыс күні болғандықтан Қазақстан билігі хабарлама жіберуге мүмкіндік таппаған шығар»,- деп қиялапты. «Бұл сұрақтың жауабын дәтің шыдаса, Қазақстан басшыларының өзінен сұрап алыңыз. Менің учаскем емес», - дегенді айта алмаған екен.

Артынша Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран халқына бағыттап Иран билігінің әрекетін айыптаған мәлімдеме жасады. Кері адресінде басшыны айтпағанда, министрдің де есім-сойы аталмады. Жаңадан тағайындалған ресми өкілдің атынан жарияланды. Қаза тапқан аятолланың да мансап, аты-жөні келтірілмеді. Ирандағы Қаңтар оқиғасына да меңзеу бар сияқты.

«Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз», - депті Қазақстан уәзірлігі.

Мәлімдеменің айыптауы мына тұсынан байқалады: «Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді».

Әдетте, Қазақстан басшылығы түрлі-түсті демалыстар мен сапарларда жүріп, басқа елдердегі оқиғалардың сипатына орай құттықтау, не көңіл айту жеделхатын жолдап жататын. Бұл жолғы ләм басқа. Ирандағы саяси жүйенің мүддесін елемеген, оның құлауына сенімді әрекет болып шығыпты.

Қуанышбек Қари

Abai.kz

0 пікір