Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1231 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 13:43

Ғылым - халықтарды біріктіретін кеңістік!

Сурет: 24kz арнасынан алынды.

Физикадан Нобель сыйлығын иеленген әйгілі ғалым Андре Гайм Қазақстан көрерменіне алғаш рет сұхбат берді. Ол 24KZ арнасындағы «Alem Talk» бағдарламасында қонақ болып, ғылымның бүгіні мен болашағы жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Бұл - оның тек Қазақстанға ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына берген тұңғыш сұхбаты.

XXI ғасырдағы ең маңызды ғылыми жетістіктердің бірі - графенді ашқан ғалым заманауи электроника, энергетика және кванттық технологиялар адамзат өмірін қалай өзгертетінін түсіндіріп берді. Оның ойынша, ғылым бір сәттік табысқа құрылмайды. Іргелі жаңалықтар жылдар бойы үздіксіз ізденіс пен сабырлы еңбекті талап етеді.

Ғалым өткенге көз жүгіртіп, кезінде электр қуатынсыз өмірді елестету мүмкін болмағанын, ал бүгінде оның өркениеттің тірегіне айналғанын айтты. Сол секілді, бір ғасыр бұрын жасалған «Эйнштейннің теориялары» қазіргі технологиялардың негізіне айналып отыр. Демек, бүгінгі зерттеу ертең бірден жеміс бермеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе адамзат дамуына орасан ықпал етеді. Ғылым - халықтарды жақындастыратын, ортақ мақсат жолында біріктіретін кеңістік. Нағыз жаңалықтар да көбіне осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде дүниеге келетінін айтты.

Айта кетейік, небәрі бір атом көміртектен тұратын графенді ашқаны үшін 2010 жылы Андре Гайм физика саласындағы «Нобель сыйлығын» Константин Новоселовпен бірге алған болатын.

Сұхбатта айтылған ойлар ғылымның тек зертхана аясында ғана емес, адамзаттың болашағын айқындайтын күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сұхбаттың толық нұсқасын 24KZ арнасының Youtube парақшасынан көре аласыз https://www.youtube.com/@tv24kz.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2779
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852