Header Banner
Жұма, 6 Наурыз 2026
Жаңалықтар 168 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 14:40

3300-ден астам жерлесіміз Таяу Шығыстан елге оралды

Сурет: Информ сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарған қарағанда, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсімен 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.

Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

«Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады»,-делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Abai.kz

0 пікір