Header Banner
Жұма, 6 Наурыз 2026
Жаңалықтар 233 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 14:48

Алматы: Қазақстан спортшылары референдумды қолдады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Қазақстан Республикасының Конституциясын жаңарту жөніндегі алдағы референдум қарсаңында елге танымал спортшылар өз қолдауларын білдіріп, азаматтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин былай деді:

«Әрбір дауыс маңызды. Референдум – әрбір қазақстандықтың өз үнін жеткізіп, ел болашағына үлес қосуына берілген мүмкіндік».

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай атап өтті:

«Конституция – біздің қоғамымыздың негізі. Жаңартуларды қолдау жастардың әділетті әрі қуатты елде өсуі үшін маңызды».

Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов атап өтті:

«Спортшы ретінде мен үшін еліміздің дамып, заңдардың сақталуы өте маңызды. Конституцияның жаңа жобасы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне бастайтын қадам».

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова айтты:

«Мен халықтың күшіне сенемін. Референдум – мемлекетіміздің болашағына бейжай қарамайтынымызды көрсетудің мүмкіндігі».

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов:

«Спорт тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді. Референдумға қатысу да – біздің азаматтық борышымыз».

Спортшылардың айтуынша, дауыс беруге қатысу – әрбір қазақстандықтың елдің дамуы мен нығаюына қосқан үлесі.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді.

Abai.kz

0 пікір