Header Banner
Жұма, 6 Наурыз 2026
Жаңалықтар 170 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 14:54

Энрике Иглесиас Астана мен Алматыда жеке концерт өткізеді

Сурет: Qaz365.kz сайтынан алынды

Әлемге танымал испан әншісі Энрике Иглесиас (Enrique Iglesias) осы күзде Қазақстанда концерт береді.

Алдағы концерттер туралы әртіс өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

3 қыркүйекте әнші Астана қаласында «Астана Арена» стадионында өнер көрсетеді. Ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билеттердің алдын ала сатылымы 7 наурызда басталады.

Айта кетейік, болашақ концерттің тизері билеттерді сату сервисі — Ticketon парақшасында жарияланған болатын.

Abai.kz

0 пікір