Header Banner
Жұма, 6 Наурыз 2026
Жаңалықтар 5265 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 16:54

Туризм және спорт министрлігіне сеніп алған Nomapay әбден шектен шықты

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Осы аптада Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстанда спорттық бәс тігулер бойынша барлық төлемдер тоқтатылды. Бұған наразы болған отандық букмекерлер қауымдастығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, артында ресейлік құрылымдапр тұрған ЕСУ-дың барлық былықтарын жайып салды.

Арнайы хат Exclusive.kz редакциясының қолына түсіп, олар ондағы мәтінді жариялаған. Хатта 2026 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша реттеуші құрал ретінде ЕСУ толық көлемде жұмыс істемейтіні, алайда, Туризм және спорт министрлігі қызметкерлері Президент Әкімшілігіне берген есептерінде оны жұмыс істеп тұр деп көзбояушылықпен айналысатыны жазылған.

«Сонымен қатар екі букмекерлік компания - Fonbet және Winline, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып ЕСУ жүйесіне интеграцияланған. Олардың серверлік инфрақұрылымы елден тыс жерде орналасқан. Бұл «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына қайшы келеді. Өз кезегінде Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік органның функцияларын іс жүзінде берген «Nomapay» ЖШС Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 2 және 193-баптарын бұза отырып, сондай-ақ ЕСУ мен «Nomapay» ЖШС арасындағы қатынастарды жеке қолданылатын акт деп таныған сот шешіміне қарамастан, өз сайтын Донецк қаласының уақытша оккупацияланған аумағындағы (Украина) инфрақұрылымда орналастырған», - деп, хатта ашық көрсетіледі.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері Президент Әкімшілігін және қаржылық реттеушілерді жаңылыстырып, «бәс ұйымдастырушылар ЕСУ жүйесіне қосылғысы келмейді» деп мәлімдеуде. Шын мәнінде, бәс ұйымдастырушылар ЕСУ жүйесіне мемлекеттік реттеу құралы ретінде қосылуға дайын. Тіпті 2024 жылы Туризм және спорт министрлігі заңды орындау механизмдерін қамтамасыз етпегендіктен, олар сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

«Ұсынылған барлық шешімдер толық көлемде 2024 жылдың өзінде іске қосылуы мүмкін еді. Туризм және спорт министрлігінің өз өтініші бойынша қазақстандық финтех-компаниялар 2023 жылы-ақ технологиялық шешімдерін ұсынған болатын. Олар 2024 жылы іске қосылып, кейін мемлекеттік органның балансына берілмек еді. Бұл ұсыныс 2023 жылы Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің және Туризм және спорт министрлігінің алаңдарында депутаттардың қатысуымен қаралды. 2024 жылы талқылау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде жалғасты. Оған Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму министрлігі, Әділет министрлігі және бірнеше саланың өкілдері қатысты. Талқылау келісудің соңғы кезеңіне жетіп, ұсыныс Әділет министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі тарапынан мақұлданған кезде Туризм және спорт министрлігінің өкілдері ешқандай түсініктеме берместен жұмыс тобынан шығып кетті», — деп келтіріледі хатта.

Нәтижесінде салада заң күшіне енгенімен, оны іске асыратын нақты құралдар болмаған жағдай қалыптасты. Бір қызығы, Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік органдар мен бизнес ұсынған шешімдерді енгізуден бас тартты. Сот бұл істі қарап, қауымдастықтың талабын қанағаттандырған болатын. Алайда Туризм және спорт министрлігі сот шешімін де, мемлекеттік органдардың ұстанымын да елемей, жұмыс істемейтін ресейлік ЦУПИС жүйесін енгізуге табандап отырғандықтан, отандық букмекерлік нарықта төлем коллапсы орын алды.

Abai.kz

0 пікір